Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қарағандының «Шахтер» бір айдан бері қарсылас қақпасына гол соға алмай жүр

30.03.2024, 17:59

Кеншілер қатарынан үшінші матчта жеңілді

Қарағандының «Шахтер» бір айдан бері қарсылас қақпасына гол соға алмай жүр
Шахтер ФК

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының үшінші турында Қарағандының «Шахтер» командасы өз алаңында Түркістанның «Тұран» клубынан жеңілді.

Бұл «кеншілердің» биылғы маусымда өз алаңында өткізген алғашқы ойыны. Кездесу Игорь Солошенко шәкірттері үшін тағы да сәтсіз аяқталды. Қарсылас команда мәселені бірінші таймда-ақ шешіп тастады. Леонардо Вака мен Бранислав Слука соққан екі гол «Тұранға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, Қарағанды клубы қатарынан үшінші ойын жеңілді. Сонымен қатар, әзірге Премьер-лигада әлі бірде-бір гол соққан жоқ.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Тұран» (Түркістан) – 0:2 

Голдар: Вака, 7 (0:1). Слука, 39 (0:2).

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам