«Лацио» ойыншысы су жаңа көлігінің ішінде тірідей өртеніп кете жаздады

13.04.2024, 10:21

$160 000 тұратын Ferrari түгелдей жанып кетті

Getty Images

Италиялық «Лацио» футбол клубының қорғаушысы Эльсеид Хюсай қайынатасымен бірге көлік ішінде тірідей өретінп кете жаздады деп хабарлады 1bol.kz тілшісі sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Римде өткен дүйсенбіде болған. Көлік жүріп келе жатқанда бірден тұтанып, есіктері автоматты түрде құлыптанып қалған. Салонда болған екі ер адам терезені сындырып шығып, тірі қалыпты. 

Алдын ала болжам бойынша, 160 мың доллар тұратын Ferrari автокөлігінің моторында ақау болған. Өрт те соның салдарынан тұтанған көрінеді. Футболшы қазір көлікті шығарған компанияның үстінен арызданды.

Хюсай дін-аман. Ол сол күннің ертесіне-ақ жаттығуға кірісіп кетті. Албаниялық қорғаушы биылғы маусымда «Лацио» сапында 15 ойын өткізіп, не голмен, не нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i