Еуропа чемпионатын тамашалап отырған әйгілі футболшының үйі тоналды

Редактор
21.06.2024, 15:40

Қарақшылар оның басынан тапаншамен ұрып, бүкіл отбасын бір блмеге қамап тастаған

Getty Images

Италияда қаруланған қаскөйлер танымал футболшы Роберто Баджоның үйін тонап кетті. Corriere della Sera мәліметінше, оқиға 20 маусым күні кешке ардагер футболшының Альтавилла-Вичентинадағы үйінде болған. 

Футболшы отбасы мүшелерімен бірге Италия – Испания (0:1) матчын тамашалап отырған. Осы кезде суық қаруланған қарақшылар үйге баса-көктеп кіріп, Баджо мен оның отбасын бір бөлмеге қамап қойған. 57 жастағы футболшы ұрыларға қарсылық көрсетуге тырысып көргенімен, басынан тапаншамен соққы алған. 

Қылмыскерлер үйдің астаң-кестеңін шығарып, қымбат сағаттар, зергерлер бұйымдар мен ақшаны алып кеткен. Шығынның жалпы көлемі әзірге белгісіз.

Баджо есін жиған соң есікті бұзып шығып, полицияны шақырған. Қазір қылмыстық іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр. Футболшының отбасы мүшелері дін аман. 

Роберто Баджо 1993 жылы «Алтын доп» иесі атанды. «Ювентус» сапында ол УЕФА кубогында, Италия чемпионаты мен кубокта топ жарды. Италия құрамасымен 1994 және 1990 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс және қола медаль еншілеген.