Қазақстан кубогінің финалында «Ақтөбе» мен «Атырау» өзара мықтыны анықтайды
Футболдан Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Елімай» – «Ақтөбе» командаларының кездесуінен кейінгі дау әлі басмылмай тұр. Күні кеше семейлік клубтың жанкүйері Рамазан Оразовтың дөрекілігін айтып видеоүндеу жариялаған болатын. Даңқты футболшы бұл айыптауға өзі жауап берді.
«Құрметті «Елімай» клубының жанкүйерлері, мен барлық жанкүйерге ерекше құрметпен қараймын және артық қылыққа бармаймын. Бұл әрекет белгілі бір адамға ғана бағытталған болатын.
Ойыннан соң Габи Кикиге ол адамға мән бермеуге шақырдым. Егер араларыңызда бұл әрекетті өз тарапыңызға қабылдаған адам болса, олай емес дегім келеді. Тиісінше маған жалған айып тағылды. Мен ешбір жанкүйерді қорлаған жоқпын. Не айтқанымды білгіңіз келсе, Кикиден сұрап көріңіз.
Қайталап айтамын, мен барлық клубқа құрметпен қараймын. Барлығына рахмет», — деді Оразов.
Айта кетейік, аталған матч 2:1 есебімен «Елімайдың» жеңісімен аяқталған болатын. Алайда, қос ойынның нәтижесінде финалға «Ақтөбе» шықты. Ақтық ойында олар «Атыраумен» кубок иегерін анықтайды.