Роналду ойын тағдырын овертаймда шешіп тастайтын мүмкіндігін пайдалана алған жоқ
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Португалия Словениямен кездесіп, пенальти сериясы арқылы жеңіске жетті.
Матч португалдықтардың басымдығымен өткенімен, 90 минут бойы қос команда гол соға алған жоқ. Есесіне, отыз минуттық овертаймда Криштиану Роналдудың командасына жеңіс сыйлайтын керемет мүмкіндігі болған еді. Алайда, даңқты футболшы 11 метрлік айып добын қақпаға дарыта алған жоқ: Ян Облак доптың бағытын тауып, сэйв жасады.
Қосымша уақытта да жеңімпазды анықтай алмаған соң командалар пенальти тебіскен. Бұл жолы Словенияға сәттілік серік болмады. Матьяж Кек шәкірттері қатарынан үш мүмкіндікті де мүлт жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Португалия сапынан Криштиану Роналду, Бруно Фернандеш және Бернарду Силва гол соқса, словениялық құрамадан Йосип Иличич, Юре Балковец және Беньямин Вербич мүлт кетті.
Енді Португалия құрамасы ширек финалда Франциямен кездеседі.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV