“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Астана» – «Челси» матчының қай қалада өтетіні белгілі болды

13.09.2024, 01:28

Конференция лигасында астаналық команда 6 матч өткізеді

«Астана» – «Челси» матчының қай қалада өтетіні белгілі болды
Reuters

УЕФА Конференция лигасында өнер көрсететін «Астана» футбол клубы желтоқсан айында лондондық «Челсимен» ойнайтыны белгілі. Аталған матч Алматыдағы Орталық стадионда өтетін болды. Бұл туралы «Челсидің» ресми өкілдері әлеуметтік желіде хабарлады.

Еске салайық, «Астана Арена» стадионында жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты желтоқсандағы ойынның өтетін орны нақтыланбаған еді. Стадионды Көшпенділер ойынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары Жаңа жылға дейін аяқталмайтыны анықталған соң, матчты Алматыда өткізуге шешім қабылдаған.

«УЕФА Коенференция лигасының негізгі кезеңінде «Астанаға» қарсы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтетіні белгілі болды. Астаналық клуб іріктеу кезеңінде «Милсами», «Корвинул», «Бранн» командаларына қарсы ойындарды дәл осы стадионда өткізген. 12 желтоқсанда «Челсиді» де осы стадионда қабылдайды», - делінген лондондық клуб таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, биыл Еуролига турнирлері жаңа форматта өтеді. Жаңа ережеге сәйкес, жарысқа қатысатын 36 команданың әрбірі алты түрлі клубпен топтық кезеңде ойын өткізеді: үшеуі өз алаңында, қалған үшеці сыртта. Үздік шыққан 8 команда 1/8 финалда бағын сынайды. 9-24 орындар аралығында тұрақтаған клубтар арасында тағы бір іріктеу болып, 8 команда 1/8 финалға жолддама алады.

Конференция лигасындағы Астананың ойын күнтізбесі

Бірінші тур (3 қазан)

«Астана» – ТСЦ (Сербия)

Екінші тур (24 қазан)

ТНС (Уэльс) – «Астана»

Үшінші тур (7 қараша)

«Пафос» (Кипр) – «Астана»

Төртінші тур (28 қараша)

«Астана» – «Гимарайнш (Португалия)

Бесінші тур (12 желтоқсан)

«Астана» – «Челси» (Англия)

Алтыншы тур (19 желтоқсан)

АПОЭЛ (Кипр) – «Астана).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам