Игорь Шацкий «Ақтөбе» сапына ауысты

Редактор
15.01.2024, 13:18

Ол спорттық жолының басым бөлігін Қарағандының «Шахтерында» өткізген

Қазақстан футбол федерациясы

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан құрамасының қақпасын күзеткен Игорь Шацкийді өз қатарына қосты деп хабарлады KazFootball.kz.

34 жастағы Шацкий қарағандылық «Шахтердың» түлегі. Ол спорттық өмірінің басым бөлігін аталған клуб сапында өткізген. Сондай-ақ, «Астана-1964» және «Тобыл» командаларында да қақпашы болды.

Игорь Шацкий Қазақстан құрамасына 2019 жылдың ақпанында келген. Бүгінге дейін ол ұлттық құрамамен 25 матч өткізді.