Астаналық команда турнирді ең соңғы орынмен аяқтады
Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының соңғы ойындарының бірінде тағы да жеңілді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері өз айдынында Тольятти қаласының «Лада» командасын қабылдаған болатын.
Бірінші период тартысты өткенімен, қос команда да есепті аша алған жоқ. Ал, екінші кезеңде айдын иелері – бір, қонақтар екі шайба соғып үзіліске кетті. Үшінші кезеңде «Лада» тағы екі шайба соғып, ойын 1:4 есебімен аяқталды.
«Барыс» енді жарыстың соңғы турын өз айдынында «Сібірге» қарсы өткізеді. Матч нәтижесі қалай болса да астаналық клуб жарысты ең соңғы орынмен аяқтағалы отыр.