Астаналық клуб плей-офф кезеңіне шыға алмады
Астаналық «Барыс» үшін Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымы аяқталды. Олег Болякин шәкірттері жеңілістер сериясы бойынша антирекорд орнатып, Шығыс дивизионында ең соңғы орынға тұрақтады.
Турнирдегі соңғы ойынын «Барыс» өз айдынында «Сібірге» қарсы өткізді. Бірінші кезеңде қос команда есеп аша алған жоқ. Ал, ойынның екінші бөлігі сәл қызығырақ өтті, «Барыс» сапынан Олег Шестаков есеп ашып, жанкүйерлерді бір қуантты. Үшінші кезеңде де ойын тартысты өтті деп айта алмаймыз. Командалар шабуылдармен алмасқанымен, ешбірі гол соға алмады. Қорытынды есеп – 1:0, астаналық команда пайдасында.