Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан спортшыларының Париж олимпиадасына дейін қанша жарысқа қатысады?

06.02.2024, 16:27

XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді

Қазақстан спортшыларының Париж олимпиадасына дейін қанша жарысқа қатысады?
IJF

Қазақстан ұлттық құрамасы әзірге Париж Олимпиадасының 19 лицензиясын  спорттың 8 түрінен еншілеген. Оның ішінде садақ ату – 4, велошоссе – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастикадан – 1 жолдама бар. 

Олимпия ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир бар.

XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам