Алматыда спорт саласының шенеуніктері ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

Редактор
06.06.2024, 15:58

Олар мүлдем жұмыс істемеген адамдардың атына ақша аударып отырған

Azattyq Ruhy

Алматыда спорт басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету дерегі бойынша спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығында бұрын қызмет еткендер 56 млн теңге көлемінде ақша жымқырғанын анықтаған.

Қазір аталған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр», - деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.