Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ақтөбелік балуан Юсуп Батырмырзаев үш дүркін әлем чемпионын жеңді

06.06.2024, 16:07

Бүгін жарыс жолына қазақстандық даңқты балуан Ризабек Айтмұқан мен Әлішер Ерғали да шығады

Ақтөбелік балуан Юсуп Батырмырзаев үш дүркін әлем чемпионын жеңді
kaz_wrestling

Венгрияда астанасы Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирде қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионын уақытынан бұрын жеңді.  

Аса ауыр салмақта күресетін Ақтөбенің легионер балуаны Юсуп Батырмырзаев жарысты ширек финалдан бастаған болатын. Ол алғашқы белдесуінде мысырлық балуанды 6:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

Ал, финалға шығар сында ол грузиялық даңқты балуан, Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Гено Петрошвилиді тушемен ұтты.

Сондай-ақ, аталған сында әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының қола медаль иегері санмаринолық Майлз Аменемен сынға түседі. Егер жеңіске жетсе, екінші кезеңде венгриялық балуанмен белдеспек.

Бұдан бөлек, 97 келіде Париж Олимпиадасына қатысатын Әлішер Ерғали түрік спортшысымен кездеседі. Ал әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жарысты ширек финалдан бастап, алғашқы белдесуін мысыр балуанына қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам