Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Қазақстандық тағы бір легионер Олимпиада ойындарында оңбай жеңілді

10.08.2024, 01:27

Парижге барған легионерлердің ешбірі медаль иеленген жоқ

Қазақстандық тағы бір легионер Олимпиада ойындарында оңбай жеңілді
olympic.kz

Париж Олимпиадасына қатысқан тағы бір қазақстандық жеңілатлет жарысты жеңіліспен аяқтады. Әйелдер арасында 10 000 метрге жүгірген Дейзи Джемпекей 25 атлеттің арасынан мәреге 17-ші болып келді.

Аталған сайыста бірінші орынды кениялық желаяқ Беатрис Чебет иеленді. Екінші орын Италия жеңілатлеті Надя Баттоклеттиге тиесілі. Ал, үздік үштікті нидерландық Сифан Хассан қорытындылап отыр.

Айта кетейік, Дейзи Қазақстанға Кениядан қоныс аударып, біздің елдің азаматтығын алған. Осы Олимпиада ойындарында ол 3 000 метрге жүгіру сайысына да қатысып, фианлдық кезеңге өте алмай қалды.

Ал, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін Олимпиада ойындары аяқталды. Олардың ешбірі жүлделі орындарға іліне алған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам