Таразда әкімдіктің экс-қызметкері 500 млн теңгені спорттық ойындарға бәс тігіп ұтылып қалған

Редактор
05.01.2024, 10:07

Оған сот үкімі шықты

көрнекі фотосурет

Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты Жастар басқармасында он жылдан астам жұмыс істеген азамат жұртқа тендер әперемін деп жарты миллиард теңгені қалтаға басқан. Жымқырған қаражатты ол спорттық ойындарға бәс тігіп жеңіліп қалған деп хабарлайды qazaqstan.tv.

20 адамды артынан жүгірткен экс-шенеунікке сот үкімі шықты. Оның үстінен 205 млн теңгесін даулап, 15 адам арыз түсірген.

«205 млн теңге сотталған азаматтан өндірілмеді, ал жәбірленушілер кешірім берген жоқ. Оған 6 жыл 8 ай бас бостандығына айыру жазасы кесілді. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот үкімімен мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен 10 жыл бойы айналыса алмайды», - деді Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Аяла Құдайберген.