Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Азамат Дәулетбеков пен Эльмира Сыздықова Zagreb Open турнирінде белдеседі

05.01.2024, 14:31

Дәулетбеков Париж олимпиадасына жолдама алған

Азамат Дәулетбеков пен Эльмира Сыздықова Zagreb Open турнирінде белдеседі
Olympic.kz

Хорватия астанасы Загребте 10-14 қаңтар аралығында күрес түрлерінен жылдың алғашқы рейтингтік турнирі өтеді. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтетін турнирде қазақстандық балуандар өз әлеуеттерін байқап көрмек.  

Загреб бозкілемінде Азамат Дәулетбеков (еркін күрес, 86 келі), Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықовалар (76 келі) бақ сынайды деп күтіліп отыр. 

Сондай-ақ, ақпан айында өтетін ел біріншілігінен әлем чемпинатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков босатылды. Ол өткен жылы Белградта өткен сында Париж олимпиадасының жолдамасын иеленген еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам