Беларусь теннисшісінің айтуынша, ол финалға шыққан сайын тек чемпиондықты көздейді
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Индиан-Уэллс турнирінің финалы алдында қазақстандық Елена Рыбакинамен матчқа қатысты ойын айтты. Финал 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған.
Беларусь теннисшісінің айтуынша, ол финалға шыққан сайын тек чемпиондықты көздейді.
«Финалға жетсем, әрдайым трофейді жеңіп алуға барымды саламын. Ірі финалдарда жеңіліп қалғаным жалықтырды. Тіпті ондай матчтарда керемет теннис көрсетсем де, пайдалана алмай қалатын мүмкіндіктерім көп. Қазіргі ұстанымым мынадай: егер финалға шықсам, титулды алу үшін қолымнан келгеннің бәрін, тіпті қолдан келмейтіннің өзін жасауға дайынмын, - деді Соболенко.
Еске салсақ, Indian Wells Open-2026 турнирінің финалында Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі. Матч жексенбі, 15 наурыз күні АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.