Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңілді

Бүгін, 01:36

Қос теннисші ақпан айында Australian Open турнирінің финалында кездесіп, ол кезде отандасымыз жеңімпазы атанды 

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңілді
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 сериясындағы Индиан-Уэллс турнирінің (АҚШ) финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

Бірінші сетті отандасымыз 6:3 есебімен сенімді жеңген. Алайда, екінші кезеңде өрескел қателіктерге жол беріп, дәл осындай есеппен жеңілді. Ал, үшінші сетте Рыбакина жеңіліп жатып есепті теңестіре алған. Нәтижесінде матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Қорытынды есеп – 3:6, 6:3, 6:4 (8:6).

Еске салайық, Арина Соболенко – әлемнің бірінші ракеткасы. Ал, Елена Рыбакина болса дәл осы финалдың матч алдында үшінші орыннан екінші орынға көтерілген болатын. Ақпан айында қос теннисші Australian Open турнирінің финалында кездесіп, ол кезде отандасымыз жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры 18,8 млн доллар. Жеңімпазға қаржылай жүлдемен бірге рейтингтік 1000 ұпай беріледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам