Ол Индиан-Уэллстің үшінші айналымында жеңіліс тапқан еді.
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингін жаңартты.
Жаңартылған тізімде әлемнің бірінші ракеткасы атағын испаниялық Карлос Алькарас сақтап қалды. Екінші орынға АҚШ-та өткен Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы, италиялық Янник Синнер көтерілді. Ал үздік үштікті сербиялық тәжірибелі теннисші Новак Джокович түйіндеп тұр.
Индиан-Уэллс турнирінің финалисі ресейлік Даниил Медведев рейтингте біршама ілгерілеп, оныншы орынға көтерілді.
Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір саты төмендеп, 11-орынға жайғасты. Естеріңізде болса, ол аталған «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында аустралиялық Ринки Хидзикатадан жеңіліп қалған болатын.
Есесіне тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко төрт саты жоғарылап, 84-орынға көтерілді. Тимофей Скатов, керісінше, төрт орын төмендеп, 195-орынға тұрақтады.