Матч кезінде ауа райының ыстық болуы екі спортшыға да қиындық туғызған
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен «Мастерс» турнирінің финалында Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен кездесті. Ол финалдың ауырға соққанын айтты.
Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары арасындағы тартысты кездесу Соболенконың жеңісімен аяқталды – 3:6, 6:3, 7:6.
Теннисшінің айтуынша, матч кезінде ауа райының ыстық болуы екі спортшыға да қиындық туғызған.
«Өте қатты ыстық болды. Тай-брейк кезінде мен өліп бара жатқандай болдым, бірақ оның да өзін жақсы сезінбей тұрғанын байқадым. Сондықтан бар күшімді салып, соңына дейін күресуге тырыстым. Матчтың соңғы үш геймінде тамаша теннис көрсете алғаныма және жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», — деп келтіреді Соболенконың сөзін The Desert Sun.
Осылайша, ауыр әрі тартысты өткен финалдық кездесуде Арина Соболенко турнир чемпионы атанды.