Жарнама
Жарнама

Александр Бубликтің Майами турниріндегі соққысы жанкүйерлерді тәнті етті

Редактор
21.03.2026, 13:47

Бірақ ол жеңіліс тапты.

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Майамиде өткен ATP-1000 турнирін сәтсіз бастады.

Әлемнің 11-ракеткасы алғашқы айналымда ұзақ үзілістен кейін қайта оралған италиялық Маттео Берреттиниге жол берді.

Бублик 2021 жылғы «Уимблдон» финалисі Берреттиниден 6:4, 6:4 есебімен ұтылды.

Дегенмен осы жеңілісіне қарамастан Бублик кортта жанкүйерлерге жарқын сәт сыйлап үлгерді. Ол ойын барысында ерекше «трик-шот» - твиннер жасап, көрерменді таңғалдырды. Бұл соққы америкалық жанкүйерлердің көңілінен шығып, матчтың ең әсерлі эпизодтарының біріне айналды.

Айта кетейік, бұған дейін Бублик Индиан-Уэллс турнирінде де сәтсіз өнер көрсетіп, үшінші айналымда Ринки Хиджикатаге есе жіберген болатын.

Реклама
Реклама