Енді үшінші айналымда отандасымыз француз Уго Умбермен (№34) кортқа шығады
Майамиде өтіп жатқан ATP Masters 1000 санатындағы турнирде қазақстандық Александр Шевченко (№84) әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына кіретін америкалық Бен Шелтонды (№9) жеңіп, сенсация жасады.
Матч 2 сағат 25 минутқа созылды. Бірінші сетте АҚШ теннисшісі минималды есеппен жеңіске жеткен. Алайда, Шевченко ерекше камбэк жасап, қалған екі сетті өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп – 6:7(3), 7:6(3), 6:3.
Енді үшінші айналымда отандасымыз француз Уго Умбермен (№34) кортқа шығады. Бұған дейін екеуі үш рет кездесіп, үшеуінде де Умбер жеңіске жеткен болатын. Демек, бұл – Шевченкоға реванш алатын керемет мүмкіндік.
Еске салайық, бұған дейін аталған турнирде Александр Бублик жеңіліп қалды. Ал, қыздар арасында Елена Рыбакина сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бүгін ол украиналық Марта Костюкпен кортқа шығады.