Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қарсыластары мәжбүрледі»: жолы болғыш Стивен Брэдбери Олимпиаданы қалай жеңді?

18.01.2024, 08:07

Ол қысқы спорт түрлері бойынша Аустралиядан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы

«Қарсыластары мәжбүрледі»: жолы болғыш Стивен Брэдбери Олимпиаданы қалай жеңді?
Фото ашық дереккөзден

Конькимен жүгіруден Солк-Лейк-Сити олимпиадасының чемпионы Стивен Брэдбери өткен жылдың қазан айының бел ортасында елуге толды. Ол – осыдан 22 жыл бұрын АҚШ-та өткен қысқы ойындардан соң спорттық мансабын аяқтаған атлет. 

Әрине, спортта жоғары жетістікке жетіп, сол мезетте үлкен додадан кету керемет шешім. Стивен сондай сәтте маңызды шешімді қабылдап сүйікті істерімен шұғылдануға ден қойды. Ол қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиада чемпионы атанған Аустралияның тұңғыш спортшысы.

Қош... Сонымен біз Стивенді не үшін айтып отырмыз? Стивен Брэдбери 2002 жылы Олимпиадада өте төмен нәтиже көрсеткеніне қарамастан оны қарсыластары чемпион болуға «мәжбүрлеген» еді. Негізінен ол сол Олимпиадаға дейін қиын кезеңдерді бастан өткеріп, 1998 жылғы Нагано олимпиадасында 19 және 21-орынға тұрақтады.

Оның Солт-Лейк-Сити олимпиадасындағы қызықты оқиғасы да, оған дейінгі жолы да күрделі де шытырман оқиғаларға толы. Әуелде ол 1994 жылы Лиллехаммерде өткен Олимпиадада эстафеталық сында қола медаль иеленген. Алайда, сол сында оны қарсыласы конькимен басып кетіп, алған ауыр жарақатынан үш литрге жуық қан жоғалтты. Бұл бейнет одан кейін де оны әуре-сарсаңға салумен болды. 2000 жылы мойын омырқасын морт сындырды. Соған қарамастан 2002 жылы барлық нормативті сәтті тапсырып, АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына жолы түсті.

Стивен Солт-Лейк-Лейкге келгенде жақсы нәтиже көрсете алмаса да сәттілік оны тек алға сүйреумен болды.

Мәселен, ол іріктеу кезеңдерінің ширек финалында мәреге үшінші болып жеткен-тін. Бірақ екінші келген канадалық спортшының дисквалицикацияға кетуіне байланысты Стивен жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда ең соңғы орында келе жатқандықтан финалға шығудан өзі да аса үмітті болмағанын айтады. Кенет... Сол мезетте екінші, үшінші, төртінші келе жатқан конькишілердің жаппай құлауынан Стивен мәре сызығын екінші болып кесіп, финалға шықты. Осылайша Стивенді қарсыластары екінші рет үздік атануға бір табан жақындата түсті.

Финалдағы сында кіл мықтылар тұрған еді. Стивен үшін жарақатынан кейінгі ұзақ үзілістен соң 1000 метрге жүгіруде кемінде бесінші орын да жаман нәтиже емес еді. Қырсық шалғанда аустралиялық спортшы барлық кезеңде соңғы орыннан алға өте алмай-ақ қойды. Тек мәреге жетуге санаулы метр қалғанда оқ бойы алда келе жатқан төрт конькиші бірден сүрініп, омақа асқанда қарсыластарынан едәуір қалып келе жатқан Стивен уақыт жағынан төменгі көрсеткішімен бірінші болып өте шықты. Ол қуаншышты эмоциясын бірден білдіре алмаса да, жүзінен шексіз бақытты екенін байқау қиын емес еді.

Оны үш кезеңде де қарсыластары үздік атануына «мәжбүрледі» дегеніміз осы. Алтын үшін айқаста ол тек мәреге дейін жетсем болды деген міндетті атқаруға бел буған. Алайда, Аполло Антон Оно, Матье Тюркотт және Ан Хен Су сынды спортшылардың омақаса асуы оны Олимпиада тарихында есімін мәңгіге қалдырды.

Стивен сол жарыстан кейін спортпен қоштасып, бүгінде бірнеше тау шаңғысы кешеніне иелік етеді. Солт-Лейк-Сити олимпиадасы оны өте танымал етіп, ақша жағынан да барлық мәселесін мәңгілікке шешіп берді.

Стивен Солт-Лейк-Ситиге дейін бірде-бір жарыста жекелей сында үздік атанбаған. Мәселен, 1991 жылы әлем чемпионы атанып, 1993 жылғы әлем біріншілігінен қола, 1994 жылы күміс медальға және Лиллихаммер олимпиадасында қола жүлдеге эстафетада қолы жеткен еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам