Матч екі овертаймға созылып, «Детройттың» жеңісімен аяқталды
«Детройт Пистонс» баскетбол клубының қорғаушысы Кейд Кеннингем NBA-ның кезекті турында ерекше рекорд орнатты. Ол бір матчта 50-ден аса ұпай және 10 нәтижелі пас берген, сондай-ақ допты бірде-бір рет жоғалтпаған алғашқы ойыншы атанып отыр.
Аталған рекорд 13 қарашаға қараған түні «Детройт Пистонс» пен «Вашингтон Уизардс» арасындағы матчта тіркелді. Кеннингем осы ойында 52 ұпай жинап, допты қарсыластан бес рет тартып алды, 11 рет нәтижелі пас беріп, бірде-бір рет доптан айрылған жоқ.
Паркетте болған 48 минутта ол себетке допты 25 рет лақтырып, оның 16-сын дәл түсірген: үшеуі 3 ұпайлық. Сонымен қатар, фолдан 18 рет лақтырып, 17-де мүлт кеткен жоқ.
Матч екі овертаймға созылып, «Детройттың» жеңісімен аяқталды, есеп – 144:140 (121:121).