Майкл Джорданның 1998 жылғы финалда киген майкасы 14 миллион долларға сатылды

Тарихтағы ең қымбат спорттық жейде «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубының ойыншысы Бейб Рутқа тиесілі

Sports Illustrated via Getty Images
Sports Illustrated via Getty Images

Америкалық даңқты баскетболшы Майкл Джорданның 1998 жылы NBA финалының екінші ойынында киген джерсиі (майка) аукцион арқылы 14 миллион долларға сатылды.

Джордан ол кезде «Чикаго Буллз» сапында өнер көрсеткен. Финал «Юта Джазз» клубына қарсы өтті. Екінші матчта чикаголықтар 93:88 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал, Майкл Джордан кездесудің сұрмергені (37 ұпай) әрі ең үздік ойыншысы атанған еді.


ФОТО: SPORTS ILLUSTRATED VIA GETTY IMAGES

Тарихтағы ең қымбат спорттық жейде «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубының ойыншысы Бейб Рутқа тиесілі. Оның 1932 жылғы Әлемдік серияда киген майкасы 2024 жылы аукционда 24,12 миллион долларға сатылған еді.

Айта кету керек, Майкл Джорданның 1998 жылғы финалда үш ойында киген үш джерсиі аса ірі көлемде сатылып отыр. Мәселен, үшінші матчтағы майка – $12,26 млн, бірінші матчтағы майка – $10,1 млн-ға сатылған. Үшеуін қосқандағы жалпы бағасы – 36,36 миллион доллар.

Тарихтағы ең қымбат спорттық майкалар:

1. Бейб Рут, «Нью-Йорк Янкиз», Әлемдік серия — 1932 — $24,12 млн.
2. Майкл Джордан, «Чикаго Буллз», NBA финалының екінші ойыны — 1998 — $14,00 млн.
3. Майкл Джордан, «Чикаго Буллз», NBA финалының үшінші ойыны — 1998 — $12,26 млн.
4. Майкл Джордан, «Чикаго Буллз», NBA финалының бірінші ойыны — 1998 — $10,09 млн.
5. Диего Марадона, Аргентина құрамасы, ӘЧ-1986, ширек финал — $9,28 млн.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам