Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Португалия - Франция: танымал комментатор матчқа болжам жасады

05.07.2024, 15:40

Орталық матчтардың бірі Франция мен Португалия арасында өтеді

Португалия - Франция: танымал комментатор матчқа болжам жасады
© Василий Пономарев / Эдгар Брещанов / Sportbox.ru

Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында бүгін ширек финал ойындары басталады.

Орталық матчтардың бірі Франция мен Португалия арасында өтеді. Осы ойынға ресейлік танымал комментатор Константин Генич болжам жасады.

Гамбург қаласында бізді керемет ойын күтіп тұр. Португалия Франциямен кездеседі. Матчтың афишасы жер жарып тұр. Екі құрамадан да көп нәрсе күтіледі. Дегенмен бүгін біреуі үйлеріне қайтады. Франциядан Рабьо қатыса алмайды. Бұл қайта плюс деп ойлаймын.

Чуамени мен Канте орталық алаңда ойқастай алады. Францияда жылдамдық, динамика жетпейді. Сол секілді Португалияның да жылдамдығы аса мәнді емес. Словениямен ойында Диего Кошта командасын құтқарып қалды. 

Өте кескілескен ойын болады. Қауіпті шабуылдар аз, қорғанысқа көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан матчқа болжамым қақпаға жасалатын соққылар саны 25,5-тен кем.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам