Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Чемпиондар лигасының бесінші турында бізді не күтіп тұр? Комментаторлар болжам жасады

26.11.2024, 12:17

Бұл күні «Ливерпуль» мен «Реалдың» жолы тағы түйіскелі тұр

Белгілі спорт комментаторлары Олжас Байбосын мен Ермұхамед Мәулен және Әлімжан Асқар 26-27 қарашада өтетін Чемпиондар лигасының бесінші турына болжам жасады.

«Бірінші гол» YouTube-каналының спикерлері турнирдің орталық матчтарына тоқталып, фавориттер мен аутсайдерлерді анықтады.

«Барселона» - «Брест»

Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсетіп, таң қалдырып жатқан ұжымның бірі – Францияның «Брест» клубы. Олар 4 матчта 10 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында келе жатыр. Бұл жолы «Брест» Каталонияға қонаққа барады. 

Ермұхамед Мәулен: «Барселона» бұл матчта 4:1 немесе 3:1 есебімен ұтады деп ойлаймын. Екі командада гол соғады.

Екі команда гол соғады – 2,06 кэф.

Әлімжан Асқар: «Брест» мүлдем салмайды – 1,86 кэф.

Олжас Байбосын: «Барселона» 3,5-нан көп – 1,9 кэф.

«Бавария» - ПСЖ

Осы аптадағы орталық матч. Топ ойындардың бірі болмақ. 2020 жылы Чемпиондар лигасының финалында кездескен ұжымдар. Қазір ПСЖ-ның жағдайы қиын. Команда төрт матчта небәрі 4 ұпай жинады. «Бавария» да осының алдында «Барселонадан» ойсырай жеңілген болатын.

Ермұхамед Мәулен: «Неміс машинасы» жүріп өтеді. Харри Кейн кемі екі гол соғады. ПСЖ-да мүмкіндік жоқ. «Бавария» айқын жеңіске жетеді.

Әлімжан Асқар: Жалпы тотол 2,5-нан кем болады – 2,86 кэф. 

Олжас Байбосын: «Бавария» жеңіске жетеді – 1,58 кэф.

«Интер»  - «Лейпциг»

Италияның «Интер» клубының Чемпиондар лигасындағы жағдайы: клуб 4 матчта 10 ұпай жинаған. Ал қарсыласы «Лейпциг» төрт матчта бірде-бір ұпайға ие болмаған. Бұл жолы Италияға қонаққа барады.

Ермұхамед Мәулен: «Интер» оп-оңай жеңіске жетеді. Фора – 1 болады (1,65 кэф)

Әлімжан Асқар: «Интер» жеңіске жетеді – 1,44 кэф.

«Спортинг» - «Арсенал»

«Спортинг» қазан айынан бері барлық қарсыласын жеңіп келеді. Чемпиондар лигасында өткенде «Манчестер Ситиді» де қапы қалдырды. Турнир кестесінде екінші орында тұр. Виктор Дьокереш есімді шабуылшысы мергендер көшінде. Бұл жолы олар «Арсеналды» қабылдайды. 

Ермұхамед Мәулен: Екі команда гол соғады және тотол 2,5 көп – 1,82 кэф

Әлімжан Асқар: «Арсенал» жеңіске жетеді – 2,23 кэф.

«Астон Вилла» - «Ювентус»

«Астон Вилла» Чемпиондар лигасын сәтті бастаған еді. Тіпті «Баварияның» өзін қапы қалдырып кеткен. Бірақ соңғысында Бельгияда «Брюггеге» есе жіберіп алды. Осы жолы Унаи Эмери шәкірттері Туриннен келетін «Ювентуспен» кездеседі.

Ермұхамед Мәулен:  «Ювентус» жеңілмейді (Х2) – 1,63 кэф.

Әлімжан Асқар: «Астон Вилла» жеңілмейді (Х1) -1,37 кэф.

Олжас Байбосын: Тотол 2-ден көп – 1,58 кэф.

«Ливерпуль» мен «Реал» 

Чемпиондар лигасында соңғы жылдары жиі кездесетін «Ливерпуль» мен «Реалдың» жолы тағы түйіскелі тұр. Бір қызығы «Ливерпуль» Мадрид клубын 2009 жылдан бері мүлдем жеңбеген. Екі рет финалда есе жіберді. Бірақ қазір «Реалдың» ұпай жоғалтуы жиілеп кетті. Тіпті өз алаңында «Миланнан» ұтылып қалды. 

Ермұхамед Мәулен: Тотол 3,5-нан көп – 2,34 кэф.

Әлімжан Асқар: «Лииверпуль» жеңілмейді (1х) – 1,27 кэф.

Олжас Байбосын: «Ливерпуль» жеңіске жетеді – 1,91 кэф.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам