Қазақстандық дзюдошы Дакарда алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды.
Фатима бұған дейін ширек финалда Коста-Рика спортшысы Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицовадан басым түскен еді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдесін иеленді.