Канело бұған дейін де, 2018 жылы, рейтингтен уақытша шығарылған
Әлемдік бокс аренасындағы ең танымал есімдердің бірі Сауль «Канело» Альварес The Ring журналының салмақ дәрежесіне тәуелсіз үздік боксшылар рейтингінен (P4P) шығарылды. 35 жастағы мексикалық боксшы аталған тізімге алғаш рет 2013 жылы енген болатын.
Канело бұған дейін де, 2018 жылы, рейтингтен уақытша шығарылған еді. Ол кезде Геннадий Головкинмен кездесу алдындағы допинг-тест оң нәтиже көрсетіп, боксшыға алты айлық дисквалификация тағайындалған.
Альварестің мансабындағы ең жарқын кезең 2019 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың мамыры аралығына сәйкес келеді. Осы уақытта ол The Ring нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшысы ретінде бірінші орыннан түспеген.
Теренс Кроуфорд (42-0, 31 KO)
Александр Усик (24-0, 15 KO)
Наоя Иноуэ (31-0, 27 KO)
Джесси Родригес (23-0, 16 KO)
Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO)
Артур Бетербиев (21-1, 20 KO)
Дзюнто Накатани (31-0, 24 KO)
Шакур Стивенсон (24-0, 11 KO)
Давид Бенавидес (30-0, 24 KO)
Девин Хейни (33-0, 15 KO)