«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Александр Ковригин WBF International чемпиондық белбеуін иеленді
Қазақстандық боксшы Александр Ковригин кәсіпқой рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді. Алматының тумасы Манилада (Филиппин) өткен жекпе-жекте Танзания өкілі Рамадан Масуд Иддті мерзімінен бұрын жеңіп, WBF International чемпионы атанды.
Жеңіл салмақта өткен кездесуде Ковригинге кәсіпқой рингте тоғыз жеңіс пен үш жеңілісі бар Рамадан Масуд Идд қарсылас болды.
Александр айқастың үшінші раундында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Ковригин техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, WBF International чемпиондық белбеуін иеленді. Оның он жеңісінің сегізі нокаутпен аяқталған.
Айта кетейік, Ковригин былтырғы желтоқсаннан бері алғаш рет рингке шықты. Сол кезде ол грузиялық Давид Нацвилишвилиді техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Қазір Ковригиннің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 10 жеңіс, 2 жеңіліс.