Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Ашық аспан астында алғаш рет бокстасамыз»: құрама сапындағы ең жас бапкер шәкіртінің әлеуеті жайлы айтты

04.12.2025, 14:12

Бапкер шәкіртінің психологиялық қысымға дайын екенін жеткізді.

«Ашық аспан астында алғаш рет бокстасамыз»: құрама сапындағы ең жас бапкер шәкіртінің әлеуеті жайлы айтты
Автор

Әлем чемпионатына келген жас боксшылардың бірі - қазақстандық Дәулет Төлемісов ересектер сапында алғаш рет бақ сынағалы отыр. 86 келінің өкілі аянып қалмайтыны анық. Бір қызығы, оның жеке бапкері Әлім Әбдірашитов те - Дубайға келген құрамадағы ең жас бапкер. Осы орайда Әбдірашитовтен шәкіртінің даярлығы мен мүмкіндіктері жайлы сұрадық.

Жеребе оңай түскен жоқ. Сөйте тұра Дәулет - ең жас боксшы. Бір жағынан, сол жастығымен де алып қоятын шығар деп үміттенемін. Алғашқы қарсыласы - бразилиялық Соуса. Сараптап көріп едік, керемет нәтижелері жоқ секілді көрінді. Сондықтан Алла бұйыртып, ұтамыз деп үміттенеміз. Егер жеңіп жатсақ, екінші қарсыласы - өзбекстандық Акмолжон Исроилов. Ол әлем чемпионы. Бірақ Дәулет онымен кездескен, Ташкенттегі оқу-жаттығу жиындарында жеңіске жетті. Екеуі бір-бірін жақсы біледі. Енді бәрін ринг көрсетеді.

Ресей бұл салмақта Шарапутдин Атаевқа сенім артып отыр. Ол кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген спортшы. Ресейлік БАҚ оны алтын алатын боксшылардың қатарынан деп жазып жатыр екен. Уақытында көреміз.

Бапкер шәкіртінің психологиялық қысымға дайын екенін жеткізді.

Психологиялық тұрғыда қиындық болады деп ойламаймын. Дәулет үлкен ареналарда бокстасып жүр, жастар арасында әлем чемпионатына барған. Бразилияда Әлем кубогының жеңімпазы болды. Нидерландта өткен турнирде Еуропа чемпионы секілді мықтыларды жеңді, - деді ол.

Маманнан жас боксшыға қандай жауапкершілік жүктелгені жайлы да сұрадық.

Бас бапкер Қайрат ағамыз Дәулеттің бойындағы жігерін байқап, мүмкіндік берді. Үмітті ақтаймыз деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, жарыс ашық аспан астында өтеді, шыны керек, бұрын-соңды мұндай жағдайда сынға түсіп көрген емеспіз, өзімізге де қызық болып тұр. Бұйыртса, қолдан келгенше аянып қалмаймыз, - деп атап өтті маман.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам