Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Осымен Жәнібек Әлімханұлының жолы жабылды – Назым Қызайбайдың алғашқы бапкері

04.12.2025, 20:15

Жәнібек мұны түсінді – ол толық дистанцияны алып шыға алмайтынын сезді.

Осымен Жәнібек Әлімханұлының жолы жабылды – Назым Қызайбайдың алғашқы бапкері
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жектің допинг дауына байланысты тоқтатылуынан кейін Жәнібек Әлімханұлының болашағына қатысты түрлі пікірлер айтыла бастады. Соның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әйгілі боксшы Назым Қызайбайдың алғашқы бапкері Жұмабек Өмірзақовтың пікірі. Ол sportarena.kz порталына берген сұхбатында жағдайға өте қатаң баға берді.

Допинг-тест нәтижесі бойынша Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан 2016 жылдан бері тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. Бұл препарат жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартатыны белгілі.

Жұмабек Өмірзақовтың айтуынша, бұл оқиға қазақстандық чемпионның мансабына ауыр соққы болды:

«Меніңше, мұны өзі ойлап тапты деп ойламаймын. Команда ішінде біреу айтып қалған шығар немесе бір жерден естіген. Ол Ларамен 12 раунд жұдырықтасатынын білді. Ал ондай жекпе-жекті өткізу үшін мықты кардио қажет. Жәнібек мұны түсінді – ол толық дистанцияны алып шыға алмайтынын сезді. Өйткені Эрисланди – кубалық мектептің өкілі, 42 жаста болса да жылдамдығы бар, ең бастысы – тәжірибесі толысқан. Сол себепті де мельдоний қабылдауға барған. Енді онымен ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Менің ойымша, ол өзіне өзі үкім шығарды», – деді маман.

Айта кетейік, «Kazakh Style» лақап атымен танылған Жәнібек пен оның командасы бұл жағдайға қатысты өз таңданысын білдіріп, препараттың ағзаға қалай түскенін түсінбейтіндерін мәлімдеді.

Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып табылады. Бұл жанжал оның мансабындағы ең күрделі дағдарыстардың бірі болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам