Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Өз стилімізді көрсетеміз - Серік Теміржанов

04.12.2025, 22:11

Дубайда IBA ұйымдастыруымен әлем чемпионаты басталды

Өз стилімізді көрсетеміз - Серік Теміржанов
Видеодан кадр

Бүгін Дубайда IBA ұйымдастыруымен әлем чемпионаты басталды. Осы орайда біз 60 келіде бақ сынайтын отандық боксшы Серік Теміржановтан даярлығы жайлы сұрадық.

«Дайындық өте жақсы. Өздеріңіз білетіндей, Ташкентте бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, дайындығымызды пысықтадық. Жеребе де жаман емес. Құдай қаласа, өз даярлығымызды, стилімізді көрсетеміз. Таза бокс көрсетеміз. Еліміздің туын көтеруге бар күшімізді саламыз», - деді Серік.

Ол өзінің басты қарсыластары жайлы да айта кетті.

«Біздің себеттегі барлығы мықты. Моңғол боксшысы - Азия чемпионы, одан қалды Олимпиадаға қатысқан. Азия чемпионы атанған тәжік боксшысы бар, ресейлік бар», - деп қосты боксшы.

Сонымен қатар ашық аспан астында бокстасу жайлы да пікірін сұрадық.

«Шыны керек, ашық аспан астында болатынын білген жоқпын, бірақ жаттығуды да жасап жүрміз ғой, сондықтан айырмашылық не қиындық болады деп ойламаймын. Сондықтан ешқанбай мәселе жоқ», - деп қорытындылады ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам