Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

05.12.2025, 23:12

Жақпековті жеңімпаз деп тапты

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді
бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңді.

1/16 финалда 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Буркина-Фасо елінің өкілі Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен жұдырықтасып, кездесуді бірінші раундта-ақ тәмамдады. Қарсыласы үш рет нокдаунға түскеннен кейін рефери жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдап, Жақпековті жеңімпаз деп тапты.

2024 жылғы жастар арасында Азия чемпионы және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Ерасыл Жақпеков осылайша келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлем чемпионатындағы жорығын тоқтатты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін аса ауыр салмақта Магамед Юсупов пен 67 келінің өкілі Санатәлі Төлтаев жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам