Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Құрамадағы ең жас боксшы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

06.12.2025, 00:47

5 желтоқсанда шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да жеңіске жетті. 

Құрамадағы ең жас боксшы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Автордан

Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда ол Бразилия боксшысы Батагелло Соуза Рамонмен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті - 5:0.

Төлемісов - 2025 жылы Бразилияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы.

Осылайша, 5 желтоқсан күні шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да жеңіске жетті. Бұған дейін Санатәлі Төлтаев пен Ерасыл Жақпеков жеңіске жеткен. Ал чемпионаттың бірінші күнінде аса ауыр салмақ өкілі Нурмагамед Юсупов қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысуда. Біріншілік 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам