Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Головкин Сауд Арабиясында жүр: GGG шаршы алаңға оралуы мүмкін бе?

27.12.2025, 19:52

Ол бокс кешіне барған.

Головкин Сауд Арабиясында жүр: GGG шаршы алаңға оралуы мүмкін бе?
Видеодан алынған кадр

Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан бокс кешіне қазақстандық аңыз былғары қолғап шебері Геннадий Головкин де барды.

Эр-Риядта әлем назарын аударған бокс кеші өтіп жатыр. Кештің басты ерекшелігі – P4P (салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингі) топ-10 тізіміне кіретін екі боксшы шаршы алаңға шығады. Ал шоу «Жапония vs Мексика» форматында құрылған.

Кештің басты жекпе-жегінде P4P рейтингінде екінші орында тұрған Наоя Иноуэ (31-0, 27 KO) екінші жеңіл салмақта (55,3 келі) абсолютті чемпион атағын қорғайды. Оның қарсыласы – жеңілмеген мексикалық Алан Давид Пикассо (32-0-1, 17 KO). Осылайша, Иноуэ 2025 жылы төртінші жекпе-жегін өткізеді.

Ал басты айқасқа теңестірілген кездесуде тағы бір жапон Дзюндо Накатани Себастьян Эрнандеспен жұдырықтасады.

Кешті тамашалауға әлемдік бокс жұлдыздары да жиналған, сол мәртебелі қонақтар қатарында бұрынғы әлем чемпионы Головкин де бар. DAZN трансляция кезінде GGG-дің қазіргі мәртебесіне арнайы тоқталып өтті.

«Қазір ол – World Boxing ұйымының президенті, әрі 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасындағы боксты қадағалайтын тұлға», - деді комментаторлардың бірі.

Головкин әзірге мансабына қатысты нақты нүкте қоймағанын ескерсек, оның Сауд Арабиясына сапары жанкүйерлердің жақсы жаңалықтан үміттенуіне себеп болғандай. Естеріңізде болса, 23 қарашада GGG World Boxing президенті болып сайланғаннан кейін, мансабына қатысты шешім шығаруға асықпайтынын ашық айтты.

«Қазіргі бокстағы позициям анық, бірақ мансабымды аяқтадым деп те айта алмаймын. Уақыт көрсетеді», – деген еді Головкин.

43 жастағы Геннадий соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың қыркүйегінде шықты. 

Соңғы үш жылда әлемдік бокстың негізгі демеушісіне айналған Сауд Арабиясы - Головкиннің қоштасу жекпе-жегін ұйымдастыруға әлеуеті толық жететін алаң. Эр-Риядта өтіп жатқан ауқымды шоулар соның айқын дәлелі болса керек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам