Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлының тағдырын кім шешетіні белгілі болды

30.12.2025, 21:29

Коточиговтың айтуынша, бұл жағдай жанкүйерлер үшін де, боксшының өзі үшін де өкінішті.

Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлының тағдырын кім шешетіні белгілі болды
Фото: Steve Marcus/Getty Images

Кәсіби боксшы әрі жаттықтырушы Виктор Коточигов қазақстандық чемпион, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты пікір білдірді.

Коточиговтың айтуынша, бұл жағдай жанкүйерлер үшін де, боксшының өзі үшін де өкінішті.

«Жәнібекке қатысты айтсам, өте өкінішті жағдай. Барлығы оның Лараға қарсы жекпе-жегін күтті. Не болса да, болғаны болды. Жәнібекке тек сәттілік тілеймін. Ал чемпиондық белбеулерге қатысты шешімді промоутерлер қабылдайды. Соңында не болатынын уақыт көрсетеді, - деді ол.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасында үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтуі тиіс болған. Алайда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан өте алмауына байланысты (талдау нәтижесінде мельдоний анықталған) кездесу соңғы сәтте тоқтатылды.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының болашағы, сондай-ақ чемпиондық титулдарының тағдыры промоутерлер мен бокс ұйымдарының шешіміне байланысты болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам