Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қанша сынасақ та, бізде бокста ғана нақты жүйе бар - Аслан Қаженов

06.02.2024, 22:48

Подкастта легионерлер мәселесін сөз еттік. Футболдағы, олимпиадалық спорт түрлеріндегі келімсектердің жайы қозғалды.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан атынан шыққан 101 легионер қазір өз еліне оралып, тарихи отанында тұрып жатыр екен. 

Қазақстан намысын қорғаған легионерлердің бәрі медаль әперіп жатыр ма? Жоқ. Спорт журналисі Аслан Қаженов легионерлердің қызметіне жүгіну Өзбекстан тәжірибесінде де барын, бірақ көрші елде ол сәтті жүзеге асып жатқанын айтты. 

Жапония спортында алдағы 100 жылға стратегия әзірленеді екен. Оның бәрі ғылыми зерттеуге, сараптамаға негізделіп жасалады. Ал қазақ спортында нақты мақсат та, стратегия да жоқ. 

Айтпақшы, Бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев орнынан кетуі мүмкін бе? Кеңес Рақышев кетсе, федерацияның келесі президенті кім болады? Оның себебін білгіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам