Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Кедергі көп болды»: Надежда Рябец бокстан неліктен кеткенін айтты

06.02.2024, 16:49

Ол үлкен спортты сағынып жүргенін жасырмады

«Кедергі көп болды»: Надежда Рябец бокстан неліктен кеткенін айтты
Olympic.kz

Таяуда спорттық мансабын аяқтаған бокстан боксшы қыз Надежда Рябец Рrosports.kz сұхбат беріп, аяқасты қабылдаған шешімінің себебін түсіндірді.

Есте болса, 23 жастағы Рябец бокстан біржола кететінін, бұған федерация басшылары кінәлі екенін мәлімдеген болатын.

«Олар менің жолымды жаппады. Есесіне үнемі кедергі келтірумен болды. Біз кімдердің чемпионатта жеңімпаз, кімдердің жүлде алатынын алдын ала біліп отыратынбыз. Қыздар бұны өзара ортамызда айтқанымызбен, тікелей бапкерге ештеңе айта алмайтынбыз. Мен үнемі шындық жағында болдым және оны жасыратын ештеңе де жоқ. Қажет болса, осыған дейін орын алған жайттың бәрін ашық айта аламын», - деді  Рябец. 

Сондай-ақ, ол таяуда ғана Венгрия азаматтығын алып, сол елдің атынан шығуға бел буған Владислава Кухта туралы да пікір білдірді. 

«Өткен жылы әлем чемпионатына барардан бұрын Алматыда болды. Владислава Үндістанда өтетін біріншілікке баратындардың тізіміне енді. Ол қуанышты еді. Алайда, аяқ астынан спарринг өтетіні белгілі болды. Ол әлем біріншілігінде сынға түсемін деп жүргенімен спаррингке дайын емес еді. Оның ел чемпионатындағы нәтижесін жоққа шығарып, елде тастап кетті. Ал әлем біріншілігіне басқа спортшы аттанды. Оның үйде қалғаны маған да ауыр тиді. Ол өте еңбекқор. Содан кейін ол басқа жолдарды іздестіріп, соңынан Еуропаға аттанды. Қазір Владислава Венгрия чемпионы атанып үлгерді. Бұл үшін өте қуаныштымын. Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман құрамадағы жағдайларды ашып айтып берді. Сондықтан мен бұл ретте жалғыз адам емеспін», - деді Рябец. 

Боксшы қыз спортты сағынғанын және рингке қайта оралғысы келіп жүргенін айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам