Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жас талантты қазақ боксшысы Таиландтағы жарыстың финалына шықты

14.03.2026, 12:45

. Кездесу өте тартысты әрі жанкүйерлер үшін қызықты өтті.

Жас талантты қазақ боксшысы Таиландтағы жарыстың финалына шықты
бокс федерациясы

Қазақстандық жас боксшы Досжан Жұмақан Таиландта өтіп жатқан Futures Cup (U19) турнирінде жартылай финалда тамаша өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері бұл жолы француз боксшысы Давид Хурутюнянға қарсы шықты. Кездесу өте тартысты әрі жанкүйерлер үшін қызықты өтті.

Жекпе-жек барысында Досжан қарсыласынан бірнеше компонент бойынша басым болды. Ол жылдамдығымен, дәл соққыларымен және белсенді қимылымен ерекшеленді. Сонымен қатар рингте бұрыштарды шебер кесіп, оң қолымен тиімді соққылар жасап, джебті сәтті пайдаланды.

Француз боксшысы да осал қарсылас болмады. Ол үнемі қысым жасап, ашық айқасқа шақырып отырды. Жекпе-жек барысында бірнеше қауіпті соққы алмасулар болды. Дегенмен, Досжан Жұмақан салқынқанды әрі сауатты бокс көрсетіп, қарсыласының шабуылдарын сәтті тойтарып отырды.

Қазақстандық боксшы кей сәттерде қарсыласын арқанға тіреп, жекелеген дәл соққылар арқылы шабуылдарын тежеді. Сонымен қатар, ол қажетсіз тәуекелге бармай, ринг ортасында ашық айқасқа кіріп кетуден сақтанды. Жоғары деңгейдегі футворктың арқасында қауіпті сәттерді азайтып, өз басымдығын сақтап қалды.

Нәтижесінде Досжан Жұмақан Давид Хурутюнянды төрешілердің қақ жарылған шешімімен жеңіп, Futures Cup турнирінің финалына шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам