Норвегия құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Ресеймен ойнаудан бас тартты

Норвегия Ресейге қарсы матчқа шықпайтынын ресми түрде мәлімдеді

© RvS.Media/Monika Majer / Contributor / Getty Images Sport
© RvS.Media/Monika Majer / Contributor / Getty Images Sport

Норвегия хоккей федерациясы ұлттық құраманың 2027 жылғы әлем чемпионатында Ресеймен кездесу өткізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Федерация мәліметінше, Норвегия құрамасы 2027 жылдың мамырында Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресейге қарсы матчқа шықпайды. Ал топтағы қалған кездесулер әдеттегі тәртіппен өтеді. Бұл шешім туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) кеңесіне 2 қарашада хабарланған.

Норвегия тарапы Украинадағы қақтығыс жалғасып жатқан кезеңде Ресей құрамасы халықаралық жарыстардан шеттетілуі керек деген ұстанымын өзгертпегенін атап өтті.

«Бұл шешім ойыншыларымыздың, команда қызметкерлерінің және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жауапкершілігіне негізделген. Қазіргі жағдайда Ресеймен матч өткізу команда мүшелерінің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруі мүмкін деп есептейміз», – делінген федерация мәлімдемесінде.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам