Тәшкенбай мен Суреш арасындағы кездесу 4 сәуір күні өтеді.
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбайдың алғашқы қарсыласы анықталды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Ташкенбай жарысты ширек финалдан бастайды. Ол 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен жеңген үндістандық Вишванат Сурешпен қолғап түйістіреді.
Тәшкенбай мен Суреш арасындағы кездесу 4 сәуір күні өтеді.
Айта кетейік, Ұлан-Батордағы 2026 жылғы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан бұл додаға ерлер және әйелдер құрамасынан жалпы 20 боксшыны алып барды. Турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.