Ресейлік теннисші Елена Рыбакинаны мәртебесінен айыруы мүмкін

Ресейлік Мирра Андрееваны әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атануға басты үміткер

WTA
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымның алғашқы ірі додасынан кейін WTA рейтингіндегі бірінші орнын жоғалтуы мүмкін.

Португалиялық журналист Жозе Моргаду Australian Open-2027 қорытындысы бойынша әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атануға ресейлік Мирра Андрееваны басты үміткер деп санайды.

16 қарашадағы жағдай бойынша Рыбакина 8099 ұпаймен әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал Андреева 7806 ұпай жинаған. Екі теннисшінің арасындағы айырмашылық – небәрі 293 ұпай.

«Андреева Мельбурннан әлемнің жаңа бірінші ракеткасы ретінде кетуге басты фаворит», – деп жазды Моргаду әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистің есебіне сәйкес, Андреева Australian Open басталғанға дейін-ақ Рыбакинаны басып озу мүмкіндігі бар жалғыз теннисші саналады. Бұған рейтингтік ұпайларды қорғау мәселесі тікелей әсер етеді.

Рыбакина былтыр Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, 2000 ұпай иеленген. Демек, алдағы жарыста қазақстандық теннисші чемпиондық атағын қорғамаса, рейтингтік көрсеткіші айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Ал Андреева өткен маусымда Мельбурнде төртінші айналымға дейін жетіп, 240 ұпай жинаған. Бұдан бөлек, ресейлік теннисші Аделаида турниріндегі чемпиондық атағы үшін алған 500 ұпайын да қорғауы керек.

Осылайша, Аустралиядағы маусым басындағы жарыстар Рыбакинаның рейтингтегі тағдырына тікелей әсер етпек.

Айта кетейік, Australian Open-2027 турнирінің негізгі кезеңі 17–31 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам