Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті

Бүгін, 11:00

Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті
Бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Тайбэй өкілі Ю Линмен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша, Зейнуллинов турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Ертуған белсенді қимылдап, қарсыласын қысымда ұстады. Алайда екі төреші бұл кезеңде жеңісті қарсыласына берген. Екінші раундта қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, барлық төрешінің қолдауына ие болды. Үшінші раундта да ол қарқынын бәсеңдетпей, айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов – 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ «Странджа» турнирінің жеңімпазы және Қазақстан чемпионы.

Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам