Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Айбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды: ол да қазақ

Бүгін, 14:35

Кездесу нокаутпен аяқталды. 

Айбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды: ол да қазақ
ҚР ҰОК

Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін маңызды жекпе-жектердің бірі өтті. Аса ауыр салмақта (+90 кг) ел намысын қорғайтын Айбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды.

Бір қызығы, келесі кезең жолдамасын екі қандасымыз – моңғолиялық Бекнұр Қали мен өзбекстандық Арман Маханов сарапқа салды. Маханов алғашқы раундтардан-ақ бастаманы толық өз қолына алып, қарқынын төмендеткен жоқ. Алғашқы екі раундты сенімді түрде өткізген ол үшінші кезеңде де басымдығын еселеді. Тіпті шешуші сәтте қарсыласын нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелді.

Осылайша, Арман Маханов турнирдегі жорығын жалғастырып, енді ширек финалда Айбек Оралбаймен кездеседі. Бұл айқас жарыстың ең тартысты кездесулерінің біріне айналуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпековтің де алғашқы қарсыласы анықталды. Ол жартылай финал жолдамасын 4 сәуір күні сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам