Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Парижде Нұрбек Оралбайды жеңген Александр Хижняк басқа салмаққа ауысты

Бүгін, 16:03

Украиналық боксшы ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралады

Парижде Нұрбек Оралбайды жеңген Александр Хижняк басқа салмаққа ауысты
championat.com

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, украиналық боксшы Александр Хижняк ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралады.

Тәжірибелі былғары қолғап шебері Сербияда өтетін «Белград жеңімпазы» турниріне қатысады. Бұл жолы Хижняк жартылай ауыр салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Украиналық боксшының камбегіне Ұлыбританиялық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс пікір білдірді.

«Александр Хижняк осы аптада Сербияның Белград қаласында өтетін турнирде әуесқой боксқа қайта оралады. Ол соңғы рет 2024 жылғы Париж Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан еді. Қазір жартылай ауыр салмақ әуесқой бокстағы ең мықты дивизиондардың бірі саналады және Хижняктың келуі бұл салмақты одан әрі күшейте түсті», — деп жазды ол.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында Александр Хижняк 80 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. Финалда ол қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды жеңді.

Айта кетейік, биыл наурыз айында атақты украиналық боксшы кәсіпқой рингтегі дебютін өткізіп, өз елінде Уилмер Баронды бірінші раундта нокаутпен ұтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам