Ерлер құрамасы Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында
Италияда наурыздың басында бокстан лицензиялық турнир басталатыны белгілі. Олимпиада ойындарына жолдама алудан үмітті боксшылар аталған жарыста бақ сынайды. Осыған орай, Қазақстанның қыздар құрамасы Аппенин түбегіне ұшып кетті.
Олар алдымен оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл турал Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Бас бапкер Шәміл Сафиуллин және Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) Апеннин түбегіне Алматы арқылы аттанса, Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және өзге жаттықтырушылар алқасы Астана арқылы ұшты», - делінген аталған хабарламада.
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін турнир алдында боксшыларымыз Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.
Айта кетейік, Париж олимпиадасына Қазақстан боксшылары тек екі жолдама иеленген. Оның бірі аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевқа, екіншісі 57 келіде өнер көрсететін Карина Ибрагимоваға тиесілі.