Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Қазақстанның рухани елшілерінің бірі деп атады

Мемлекет басшысы бұл туралы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты

Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның жетістіктерін атап өтіп, оны елдің рухани елшілерінің бірі деп бағалады.

Мемлекет басшысы бұл туралы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты. Ол Қазақстанның халықаралық беделін арттырып жүрген танымал отандастардың еңбегіне тоқталды.

Президент Бибісара Асаубаевамен қатар әнші Димаш Құдайбергенді, актриса Самал Еслямованы, кәсіби сумода өнер көрсететін жалғыз қазақ балуаны Ерсін Балтағұлды (Кимбозан Харуки) және Higgsfield AI стартапының жетекшісі Ерзат Дулатовты ерекше атап өтті.

«Бұл азаматтарды еліміздің нағыз отаншыл перзенттері әрі рухани елшілері десек, артық болмас», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған тұлғалар қазақ мәдениетін, руханиятын және зияткерлік әлеуетін әлемге танытып жүр. Сондай-ақ ол қазақ тілінің ұлтты ұйыстыратын әрі елдің халықаралық ықпалын арттыратын «жұмсақ күшке» айналып келе жатқанын атап өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам