Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Бүгін, 09:53

Әлімханұлы «Канеломен» кездесу үшін салмақ дәрежесін ауыстыратынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасу басты мақсаттарының бірі екенін айтты.

Бұл туралы қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Әлімханұлы «Канеломен» кездесу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруға да дайын екенін жеткізді.

«Жәнібек - Канело! Бұл жекпе-жек - менің мақсатым. Мен суперорта салмаққа көтерілуге дайынмын. Көптеген жанкүйер де бұл кездесуді көргісі келетініне сенімдімін», - деп жазды Жәнібек.

Қазір Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсетеді. Ал «Канело» Альварес негізінен суперорта салмақта жұдырықтасады. Сондықтан бұл жекпе-жек өтуі үшін қазақстандық боксшы 72,6 келіден 76,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне көтерілуі қажет.

Айта кетейік, 2026 жылдың басында WBO Жәнібек Әлімханұлын мельдонийге қатысты оң допинг сынамасынан кейін бір жылға жарыстардан шеттеткен. Соған қарамастан ұйым қазақстандық боксшының чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал IBF өз ережесіне сәйкес Әлімханұлын чемпиондық атағынан айырған болатын.

Бұған дейін Жәнібек рингке қайта оралып, шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін WBO титулын қорғауға ниетті екенін мәлімдеген.

Ал Сауль «Канело» Альварестің келесі жекпе-жегі 2026 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған. Ол Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында француз боксшысы Кристиан Мбиллимен кездеседі. Жекпе-жек суперорта салмақта өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам