Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінің үштігіне енді

Бүгін, 13:21

Сұлтан кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 13-і нокаутпен

Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінің үштігіне енді
instagram.com/sultanzaurbek/

WBA – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы өзінің рейтингін жаңартты. Аталған тізімде қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек өзінің позициясын жақсартқан.

Жалпы рейтингке Қазақстан тарапынан енген үш боксшыны атап өтуге болады. Мәселен, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Руслан Мәдиев сегізден тоғызыншы сатыға төменеді. Ол – WBA Asia титулының иегері.

Ал, екінші жартылай жеңіл салмақтағы шымкенттік Сұлтан Зауырбек болса төртіншіден үшінші сатыға көтеріліп, үздіктер сапын толықтырып отыр. Оның алдында тек марокколық Мұса Голам мен британдық боксшы Джеймс Диккенс бар. Ал, бұл салмақта WBA белбеуінің иесі – Энтони Какейс (Ирландия). Сұлтан кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 13-і нокаутпен.

Аса жеңіл салмақтағы Елшат Нығметолла рейтингте айтарлықтай құлдырады. Бұған дейін ол жетінші сатыда болса, бүгін 12-орыннан бір-ақ шықты. Елшат та WBA Asia титулының иегері екенін айта кету керек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам