Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Умар Кремлев Головкин басқаратын ұйымға алғыс айтты

Бүгін, 13:53

Ол Ресей боксшыларының халықаралық аренаға оралуын құптады

Умар Кремлев Головкин басқаратын ұйымға алғыс айтты
Әлеуметтік желі

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларды барлық жас санатындағы халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен әнұранымен қатыстыру туралы шешіміне қолдау білдірді.

«World Boxing ұйымына рақмет. Бұл – өте дұрыс шешім. Олар мінберге саясатты емес, спортшыны шығарып отыр. Бұл бокстың ең алдымен спортшылардың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Ту мен әнұран – әр спортшының жүрегі мен жаны.

Біздің боксшылар олимпиадалық боксқа қайта оралады. Лос-Анджелестегі Олимпиадада олар өз туы мен әнұраны астында әлемге нағыз тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер көрсетеді. World Boxing ұйымына алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», – деді Кремлев.

Айта кетейік, World Boxing ұйымын қазақстандық Геннадий Головкин басқарады. Ол сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам